$498.34 €519.72 ₽4.85
×

200-ден аса қазақстандық теологтар кеңесінен соң деструктивті көзқарастан бас тартқан

AstanaTV
28.07.2017ж. 20:00
2412
200-ден аса қазақстандық теологтар кеңесінен соң деструктивті көзқарастан бас тартқан

200-ден аса қазақстандық теологтар кеңесінен соң теріс діни көзқарастан бас тартқан. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жыл басынан бері дестуктивті діни ағымнан зардап шеккен 1 мың 134 адам оңалтудан өткен.

Бұл теологиялық кеңестік көмек беру жөніндегі оңалту орталықтарының қарқынды жұмысының нәтижесі дейді министрлік мамандары. Олар биыл 18 мың адамды қамтыған 4 мыңға жуық кездесу өткізген. Соның ішіндегі 264 адам теріс көзқарастан саналы түрде бас тартқан. Оңалту орталықтарында білікті теологтардан өзге, психологтар, діни бірлестік өкілдері жұмыс істейді. Теріс жолға түскендерге түрмелереде де кеңес беріліп келеді.