Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Әлемге танымал футболшылар Астанада бас қосады

Әлемге танымал футболшылар Астанада бас қосады

Әлемдік футбол жұлдыздары ЭКСПО көрмесі аясында ұйымдастырылған халықаралық турнирге қатысады. Футбол сайысы 5 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Форматы бойынша аталған турнир «Аңыздар кубогына» ұқсас, оған құрамына 5 алаң ойыншысы және 1 қақпашы кіретін команда қатысады. Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия командалары мен әлем құрамасы ойнайды. 

Кевин Кураньи, Дино Баджо, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо сияқты мықтылар өз ойынымен жанкүйерлерін қуанышқа бөлемек. Бұдан өзге, 4 тамызда « ЭКСПО» көрмесі аумағында жанкүйерлермен кездесу өтеді. Әлем футболшыларымен фотоға түсіп, қолтаңба алу мүмкіндігі беріледі. 6 тамыз күні балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің ұландары үшін «Астана Арена» стадионында шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақшы.