Биыл
«ҚазАгро» шаруларға егістік пен астық
жинау науқанындарына 64,6 млрд теңге бөлген. Ұлттық холдинг 1301 өтінішті
қанағаттандырды. Оның ішінде бюджеттік несие қаражаты есебінен - 774
өтініш.
«ҚазАгроның» ресми сайтында
хабарланғандай, несие қаражаты еліміздің 4 аймағына үлестірілген. Олар: Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы
және Жамбыл облыстары. Жалпы несие беру 11 басым бағыт бойынша жүзеге асты.
Алғашқы кезекте арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, картоп және
май дақылдары.
Айта өтейік, осы жылы ауылшаруашылық кооперативтері арқылы көктемгі егіс жұмыстарын
қаржыландыру жалғасын тапты. Бүгінде 10 кооперативке 8 млрд теңге бөлініпті.
Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ауылшаруашылық техникасын сатып
алу үшін 17 млрд теңге сомасына 1230 қаржы лизингі шарттары жасалды.