Бүгін ЭКСПО көрмесі төрінде Уганда мемлекетінің ұлттық күні өтті. Көрме қонақтары африкалық елдің ерекше мәдениеті мен айрықша қолөнер туындыларын тамашалады. Бүкіл Африканы кезіп өткен Уинстон Черчилль тамаша флора мен фаунасы үшін Уганданы "Африканың маржаны" деп атап кеткен. Салтанатты шарада Уганда елінің танымал, дәстүрлі биімен танымал «Crane» тобы да өнер көрсетті.
Рутазиндва Мвебазе, Уганда секциясының комиссары:
Осы тарихи оқиғаға Уганда мемлекеті ат салысып жатқанына қуаныштымыз. Қазақстандықтар Уганда павильонындағы барлық қойылған экспонаттардан тамаша әсер алып, сонымен қатар, Уганданың дәмі тіл уйірер шайы мен кофесінен дәм татып көрерсіздер деген үміттеміз.
Бүгін сағат 12.58-де халықаралық көрменің 1,5 миллионыншы қонағы тіркелді. Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын ЭКСПО-2017 көрмесінің миллионыншы қонағы ретінде елордалық математика пәнінің мұғалімі болды. Халықаралық көрме ашылғанынан бері осы уақытқа дейін келгендердің саны 285 300 адамды құраған. Ал жалпы саны 1 жарым миллионға жеткен. Күн сайын 40 мыңнан астам адам көрмені тамашалайды екен.