$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Оралда отбасылық үлгідегі балалар ауылында арт-фестиваль өтті

AstanaTV
21.07.2017ж. 20:00
2877
Оралда отбасылық үлгідегі балалар ауылында арт-фестиваль өтті

Оралда отбасылық үлгідегі балалар ауылында арт-фестиваль өтті. Шара «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ерекше байқауды өткізуге «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы бастамашы болды. 

Мақсат - балалардың жазғы демалысты тиімді әрі қызықты өткізуіне жол ашу. Өнерге бейім жеткіншектердің шығармашылығын дамыту. Арт-фестиваль үш кезеңнен тұрады. Алғашқы сында балалар сүйікті кинокейіпкерлерінің киімін киіп, көрерменді тәнті қылса, екінші кезеңде берілген тапсырманы орындап, түрлі эскиздер сызды. Отбасылық үлгідегі балалар ауылында ата-анасынан айрылған бүлдіршіндер тұрады. Олар ерекше қамқорлыққа мұқтаж. Сондықтан ұйымдастырушылар осы мекемені арнайы таңдап алған.

Зарина Ықсанова, «Жас отан" ЖҚ БҚОФ менеджері:

Біздер балалармен бір апта бойы дайындалдық. Себебі шара оңай өткізілетін шара емес. Оған дайындық керек. Күнделікті өткізілетін ән байқауы әлде би байқауы емес, арт-фестиваль бұл. Өзінің бір ерекшелігі бар. Әсіресе қыз балаларға өте қызықты. Яғни өнерге қызығушылығы бар балаларға берері мол шара деп ойлаймыз.