$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Көлік өндірісі рецессиядан шықты

AstanaTV
25.07.2017ж. 20:00
3143
Көлік өндірісі рецессиядан шықты

Елімізде автокөлік өндірісі рецессиядан шықты. «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алфёров осындай жағымды жаңалығын алға тартты. Айтуынша, бірінші жартыжылдықта барлығы 8768 автокөлік өндірілді. Оның ішінде жеңіл автокөліктер өндірісі 7779 бірлікке жеткен. Сондай-ақ, 313 бірлік автобус техникасы, және 487 жүк автокөлігі өндіріліпті. Ал шетелге 831 автокөлік экспортталған.

Олег Алфёров, «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы:

Соңғы 29 айда автокөліктердің өтімі төмендеп кеткен болатын. Оған түрлі себептер түрткі болған. Биыл сұраныс қайта артып, отандық көлік өндірушілер 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша рецессия жағдайынан шықты. Қазақстандық автокөлік өндіруші кәсіпорындар қатарынан 6 ай бойы көлік өндіруді арттырып келеді.

Финпром аналитикалық қызметінің ақпаратынша, автоөндіріс өткен жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 20,1 пайызға артып отыр. Елдегі негізгі 8 кәсіпорынның шығарған өнімі 64,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бұл өткен жылдан 3 есе артық. Мұны экономикалық тұрақтықпен байланыстырып отыр. Демек, тұтынушылар сұранысы артқан. Бұған жеңлдетілген көлік несиесі бағдарламасы да оң әсерін беріп отыр деп жазады. Қазақстан даму банкінің мәліметінше, 9 255 өтініш түсіп, 35 жарым миллиард теңге жұмсалған. Әзірге кейбір банктер несиелеуді ақшаның бітіуіне байланысты уақытша тоқтатқандарын мәлімдеді. Ал жақында Экономика министрі Үкіметтен жеңілдетілген көлік несиесі бағдарламасына қосымша қаражат бөлуді сұраған болатын.