$517.16 €588.48 ₽6.23
×

«Нұр Отан» партиясы ауыр жағдайға тап болған көп балалы ананы қуантты

AstanaTV
25.07.2017ж. 20:00
2387
«Нұр Отан» партиясы ауыр жағдайға тап болған көп балалы ананы қуантты

Павлодарда тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыға "Нұр Отан" партиясы көмек көрсетті. Валентина Григольева жалғыз өзі бес баланы асырап отырған әйел. Пәтер жалдап тұрғандықтан, тапқан-таянған 40 мың теңгесі соның ақысына кетеді. Бұған коммуналдық төлемдерді қосыңыз. Бес баласы үшін мемлекеттен алатын 9 мың теңгелік жәрдемақысы ас-судан аспайды екен. 16 жасар тұңғышы анасына қолғабыс болу үшін түнгі ауысымға жұмысқа орналасқан. Екінші қызымен өзі әр жерге жалданып, үй жинап, нәпақа табады. Бірақ ол да мардымсыз. Амалы таусылған ана қайырымды жандардан көмек қолын сұрауға мәжбүр болыпты. Бұған партиялықтар бей-жай қарай алмай, отбасына дорба-дорба азық әкеп берді.

Валентина Григорьева:

Таңертең хабарласып, келеміз деді. Өте қуанып қалдық. Көзімізге жас та алдық. Осындай қиын жағдайға тап  болған бізді ұмытпағаны үшін «Нұр Отанға» алғысымыз шексіз. Қол ұшын беріп, көмектесіп жатыр. Біз де өзімізше қиын жағдайдан шығуға тырысып бағудамыз.

Партиялықтар көп балалы отбасын назарда ұстамақ. Ыңғайы келсе баласын колледжге түсіруге де қол ұшын беруге дайын.

Азамат Смағұлов, кәсіпкер, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Біз бірінші қажеттіліктерді әкелдік. Анасы етті көргенде балалар бір тойып, қуанатын болды деп отыр. Адамның осыншалықты қуанғанына қарап, көңіліміз босады. Өзім де көп балалы әкемін. Және мұның қандай екенін жақсы білемін. Оның үстіне балаларды жалғыз өсіру оңай емес.