Сингапур мен Қазақстан арасындағы екіжақты алыс-беріс өткен жылы 23,5 млн долларды құраған. Екі елдің туризм саласындағы байланысы да жыл сайын артып келеді. Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтіп жатқан Сингапур Республикасының ұлттық күнінде айтылды. Қос мемлекеттің даму жолы да бір біріне ұқсас. Сондықтан Қазақстан тарапы Сингапурдан үйренеріміз көп екенін әркез айтып келеді.
Ерлан Хаиров, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:
115 мемлекетпен 22 ұйым ЭКСПО көрмесіне қатысып жатыр. Әлемдегі болашақ энергия саласында қарқынды дамыған Сингапурдың көрмеге қатысуы біз үшін аса маңызды.
Ко По Кун, Сингапурдың сауда және өнеркәсіп министрі:
Сингапур
Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуімен құттықтайды. Аталмыш көрмеге
қатысу біздің едің тұрақты энергия саласында үздік жетістіктерімізді әлемге паш
етуге тамаша мүмкіндік болды. Сондай-ақ Қазақстан көрмені өткізіп, барлық
мемлекетпен ашық қарым-қатынас жүргізе алатынын көрсетті.
Сингапур
ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсімі керемет концерттік бағдарламамен
жалғасты. Өнерпаздар ұлттық аспаптарымен орындалған ән-билерінен өзге, қазақ
домбырасын да қойылымдарына арқау еткен. Мұнымен қатар қазақстандық әнге билеп, көрермендердің
қошеметіне бөленді.