Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жамбылда өз-өзіне қол жұмсаған депутаттың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
07.08.2017ж. 20:00
3057
Жамбылда өз-өзіне қол жұмсаған депутаттың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жамбылда өз-өзіне қол жұмсаған депутаттың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры, әрі облыстық мәслихат депутаты Қайрат Терлікбаевтың денесі 5-ші тамыз күні табылған. 56 жастағы депутаттың денесі өз үйінің ауласындағы қорада асылып тұрған жерінен табылды. Жақындары жіптен шешіп алған соң, бірден полицияға да хабар берген.

Туыстары тәртіп сақшыларына берген түсініктемеде, отағасы таңғы астан кейін тысқа шығып кеткенін, айтқан. Ол кезде сағат 7-30-ды көрсетіпті. Алайда, арада 10-15 минут өткенде, жайсыз хабарды естиді. Қазір қылмыстық кодекстің 105 бабы, 1-ші бөлімімен «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалған.

Мақсат Ережепов, Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы:

Ол баппен біз тіркеп-тергеу жүргізіп жатқанымыз рас. Ол кісінің жұмыс барасында қандай да жаңағы өзінің қызметіне байланысты, ол жағын біз қарастырамыз. Тергеу уақыты әлі бар. Мәйітке байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Алдын-ала сараптаманың беріп отырған мәліметі бойынша, механикалық асфиксиядан қаза болғаны анықталып, одан басқа ешқандай дене жарақаты жоқ.

Құқық қорғау органдары мәслихат депутатының отбасында ешқандай кикілжің болмағанын айтып отыр. Қызмет барысында да қысым көрсетілмеген деді.