Ақмола
облысының Приречное ауылына келер жылы су тартылуы мүмкін. Бұл туралы
редакциямызға арнайы келген Приречное ауылының әкімі айтты. Бұған дейін бұл
ауылдың тұрғындары су құбырлары мен жер жайылымдарның жоқтығын айтып, бұрынғы
әкімдерінің сайлауға қайта түсуіне қарсы болған. Тіпті қалалық мәслихатқа
шағымданған. Ауыл атқамінері су мониторингінің нәтижесін күтіп отырғанын айтты.
4 жылдан бері ауылды басқарып отырған әкім ауылдағы мәселелерді шешу үшін
жан-жаққа хат жолдаған хаттарды көрсетті. Ал жайылымдық жерді мемлекет
меншігіне қайтару үшін, сот жүріп жатқанын жеткізді.
Жанар
Ағзамова, Ақмола облысы Приречное
ауылының әкімі:
Жер
комитетіне біз хат жазғанбыз. Ауылда бізде жайылымдар аз деп. Сол жайылымдарға
жұмыс істемеген шаруа қожалықтары жеке шаруашылық серіктестіктерін қазір сотқа
беру жұмысы басталып кетті. Егер де сол жер инспекциясы бізге қайтарып берсе,
ауылға қайтарып береміз деп ойлаймыз.
Ауыл
әкімдерін сайлау 4-ші тамыз күні басталып кетті. Орталық сайлау комиссиясының
ақпарынша, Маңғыстау облысында 26 ауыл әкімі сайланып үлгерген. Ал біраз
аймақта сайлау енді басталады. Ол 28 тамызға дейін жалғаспақ.