Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мемлекет 16 жасқа толмаған 1-ші типтегі қант диабетімен ауыратын балаларға тегін инсулиндік помпалар алдыруды тоқтатпайды

AstanaTV
07.08.2017ж. 20:00
3072
Мемлекет 16 жасқа толмаған 1-ші типтегі қант диабетімен ауыратын балаларға тегін инсулиндік помпалар алдыруды тоқтатпайды

Қант диабетінің 1-ші типімен ауыратын балалардың 50 пайызы инсулиндік помпамен қамтылған. Осылай деген министр мемлекет 16 жасқа толмаған науқас балаларға мұндай құрылғы алып беруді тоқтатпайтынын мәлімдеді. Бұған дейін науқас балалардың ата-аналары, қант мөлшерін тексеретін арнайы құрылғыны тегін беру туралы министрлік бұйрығының жойылғанын айтып, президент пен министрге хат жазған болатын.

Небары 8 жастағы Жан өзінің ауыруы жайлы жақсы біледі. Күніне 3-4 рет ине арқылы дәрі қабылдап, саусақтарынан күніне 10 ретке дейін қан алатын дейді. Ал арнайы помпа алғалы, жан азабы, аз да болса, жеңілдей түскен. Алайда, «жаңа бұйрыққа сай енді помпалар тегін әкелінбейді деген» ақпаратты естіген ата-ананың төбе шашы тік тұрған. Ал, өздері алайын десе, бағасы қымбат.

Нәбибулла Досболов, ата-ана:

Өте қымбат тұрады ол. Ешқандай қалты көтермейтін сияқты. Инсулиннің өзі ақша, резервуары бар, тағы да қосалқы бөлшектері көп. Оларды сатып алу оңай емес. Оның үстіне помпа да мәңгілік емес.

Орташа есеп бойынша тек бір ғана қандағы қант мөлшерін анықтап отыратын помпаның бағасы 1 миллион теңге көлемінде. Оның күн сайын құйып отыратын ем-домына айына 50 мың теңгеден аса жұмсалады. Қант диабетінің 1-ші типімен ауыратын 2162 бала бар. 2012-2016-шы жылдар аралығында 1071 науқас арнайы құрылғымен жабдықталған.

Максим Дерябин, ата-ана:

Біздің кезекте тұрғанымызға да біраз жыл өтті. Ал помпаның жетіспеуі барлық аймақта болып жатыр. Естуім бойынша, бірініші кезекте помпа кішкентай балаларға беріледі екен. Біз ата-аналар осы сырқатқа шалдыққан балаларға тиімді болып отырған аталмыш дәріден қағыламыз ба деп уайымдап келдік. Жауабын министр өзі айтып, аз да болсын, күмән сейілді.

Ата-аналардың мазасын қашырған бұйрық расымен де тоқтатылған. Ал құрылғы сол бұйрық арқылы елге жеткізіліп отырған. Бірақ бүгін министр құрылғы алуды тоқтпаймыз деп мәлімдеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қазіргі кездегі балалар және сонымен қоса келер жылы да жаңа науқастар кей жағдайлар болады, помпа бұзылып қалатын, соны қосып, бекітіп, сатып алу процедураларына жіберетін боламыз.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Жиында кейбір облыстарға жетпей жатқан құрылғы бір өңірде артық болып шыққаны белгілі болды. Мысалы, Қостанайда 28 помпы қоймада жатқан көрінеді. Енді үш күн ішінде есеп жүргізіліп, құрылғы тапшы аймақтарға жіберіледі. Министр осындай тапсырма бергенін айтты.