Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Атырауда жаңа туған нәрестелерге қажетті гепатитке қарсы вакцина жетпей жатыр

AstanaTV
07.08.2017ж. 20:00
2481
Атырауда жаңа туған нәрестелерге қажетті гепатитке қарсы вакцина жетпей жатыр

Атырау облысында гепатитке қарсы вакцина дер кезінде жеткізілмей, кешігіп жатыр. Салдарынан 2 мен 4 ай арасындағы 20 мың нәресте қауіпті дертке қарсы екпесіз қалды. Облыстағы бас педиатрдың айтуынша, бөбектердің басым бөлігі былтырдан қалған дәріні тұтынған. Әлі 15 пайызы екпеге мұқтаж. Денсаулық сақтау басқармасы бұл проблемаға қатысымыз жоқ деп отыр. Жыл басынан бері тиісті тендер екі рет өтпей қалған. Тапсырыс беруші  жеткізуші компания "Самұрық Фармация" ұсынған бағаларға келіспеген.

Раиса Баймұханова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының педиатрия бойынша куратор міндетін атқарушы:

Вакцина республикалық деңгейде жеткізіледі. Орныдаушы "СҚ Фармация". Тендер екі рет өтпеген Үшінші келісімде тендер өтті. 2017 жылы қыркүйекте вакцина жеткізіледі деген ақпарат бізге келді.