Елде медициналық қызметтер қымбаттады. Бұл туралы Ранкинг кз зерттеуін жариялады. Олардың ақпаратына сүйенсек, дәрігерге алғаш қаралу қызметінің құны 10 пайызға өскен. Ультрадыбыстық тексерулер 13 пайызға, ал зертханалық талдаудан өту бағасы 8,5 пайызға дейін артқан. Тіс жұлдыру 10 пайызға, массаж қызметі - 6,6, шипажай қызметі 6,8 пайызға қымбаттады.
Дегенмен, денсаулық сақтау саласындағы жалақы соншалықты жоғары емес. Биылдың екінші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы орташа айлық жалақы өсімі 6,1% пайызды құраған. Бірақ бұл өзге орта табысы бар қызметкерлер жалақысынан 24,3 пайызға төмен. Соңғы үш айда бұл сала мамандарының саны 8 пайызға артқан.