Алматының
су және жылу құбырларына апатты жағдайды алдын ала ескертетін құрылғы орнатылып
жатыр. Коммуналды қызмет өкілдері осылайша құбыр жарылуының алдын алмақ. Күні
кеше ғана мегаполисте құбыр жарылып, асфальтталған жол бұзылды.
Диаметрі
шамамен 1 метр болатын шұңқыр салдарынан қаладағы ең ірі халыққа қызмет көрсету
орталығына апаратын жол жабылды. Абырой болғанда, апат болған кезде адамдар да,
көлік те болмаған. Қазір төтенше жағдай орны оқшауланып, су құбырын жөндеу
жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жарылған құбыр 80 жылдан бері
ауыстырылмаған. Сондықтан тозығы жеткен құбырдың қай уақытта жарылатынын алдын
ала ешкім болжай алмады, - деп отыр.
Енді құбырларға орнатылып жатқан жаңа құрылғылардың жұмысы диспетчерлердің
үнемі бақылауында болатынын айтты.
Ян
Гирин, Алматы қаласы «Жылуэнергокешені» кәсіпорнының ресми өкілі:
Жаңа
құрылғылардың көмегі арқылы кез-келген жердегі су және жылу құбырларындағы
ақауды алдын ала көруге болады. Сол арқылы төтенше жағдайдың алдын-аламыз. Бұл, әрине, жаңа құбырларға орнатылған
жағдайда ғана мүмкін. Ал, кешегі жарылған құбыр туралы айтатын болсақ,
оның тозығы әбден жеткен. 80 жылдан бері қолданылып келеді. Өкінішке орай, онда
диспетчерлерге апатты алдын-ала ескертетін тетіктер орнатылмаған.
«Жылуэнергокешені»
кәсіпорнының дерегінше, жалпы қала құбырларының 60 пайызы күрделі жөндеуді
қажет етеді. Оларды қалпына келтіру жұмысы кезек-кезегімен жүргізілмек және ол
бірнеше жылға жалғасады.