Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордада ауа температурасы төмендейді

AstanaTV
07.08.2017ж. 20:00
2906
Елордада ауа температурасы төмендейді

Елде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріліп кетті. Ми қайнатар аптап ыстық оңтүстікте ғана емес, батыста да сақталып тұр. Қарағанды облысында да ыстық ауа беті қайтар емес. Мамандар күшейтілген жұмысқа көшкен. Қызылордада соңғы үш күнде 40 градус ыстық сақталып тұр. Жедел жәрдем қызметіне осы үш күн ішінде 4 мыңнан астам қоңырау түскен. Басына күн өткендер де бар көрінеді.

Дегенмен, ыстықтың беті қайтады деген болжам бар. Қазір "Қазгидромет" маманы Айнұр Қайыңбаева студиямен байланыста. Айнұр, Астанада күн суытады деген ақпарат бар. Сол рас па, ауа райы қанша градусқа дейін төмендейді?

Айнұр Қайыңбаева, инженер-синоптик:

Астана қаласы бойынша 3 тәулікке 8-9 тамызда ауаның түнгі температурасы 13-15 градус болатын болса, күндізгі температура 28-30 градусқа шейін болады. Ал 10-шы тамызда ауаның төмендеуі байқалады. Яғни түнде 12-14 градус құраса, ал күндіз 23-25 градусқа дейін төмендейді.

- Ыстық ауа райы басқа аймақтарда қай уақытқа дейін сақталады? Тамыз айына болжам қандай?

Айнұр Қайыңбаева,  инженер-синоптик:

Антициклон орнына терең және салқын циклон Таймыр ауданынан келеді. Ол өзімен бірге өткінші жаңбыр, найзағай, сонымен бірге кей жерлерде бұршақтың болуы мүмкін және де дауылды жерлердің болуы мүмкін. Сонымен қатар, солтүстікте ауаның температурасы кей жерлерде 18-23, кей жерлерде 26 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік және батыс, шығыста ауа температурасының аздаған төмендеуі байқалады. Яғни 30-38 градус шамасында болады.

Рахмет, студиямен байланыста болған «Қазгидрометтің» инженер-синоптигі Айнұр Қайыңбаева болатын.