Егер доллар күрт қымбаттайтын
болса, Қаржы министрлігі бюджет параметрлерін қайта қарауы мүмкін. Бұл туралы
бүгін біздің арнаға берген сұқбатында бас қаржыгер Бақыт Сұлтанов
мәлімдеді. Министрдің сөзінше, бұл тек доллар жоспарлаған көрсеткіштерден де асып
түссе ғана қаралады. Ал соңғы он жылдықтағы жағдай бюджеттегі шығыстардың
сөзссіз көбейгенін, бірақ кірістің де едәуір артқанын көрсетіп отыр, сондықтан
бұл қалыпты жағдай, - дейді.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы
министрі:
Доллар қымбаттаған кезде, әрине,
ол шығыстар да қымбаттайды. Бірақ, түсімдер де көбейеді. Сондықтан бюджет үшін
доллардың өзгеруі аса қорқынышты емес.