$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысындағы «Қорғас» бекетінде жасырын ойынхана әшкере болды

AstanaTV
31.07.2017ж. 20:00
2312
Алматы облысындағы «Қорғас» бекетінде жасырын ойынхана әшкере болды

Алматы облысында астыртын құмар ойындарын ұйымдастырған қылмыстық топ құрықталды. Қытаймен шекараласатын «Қорғас» бекетіндегі жасырын казиноны Облыстық кірістер депратаментінің экономикалық қылмыстарға қарсы қызметі әшкерелеген. Ойынханада құмар ойындарына арналған арнайы стол, ойын фишкалары, карталар және ақша санайтын аппараттардың жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Ойын ұйымдаструшылары тек сенімге кірген, жіті тексеруден өткен өз адамдарын ғана кіргізуді қадағалаған. Ол үшін арнайы бөлмеде отырып бейнебақылау арқылы қадағалайтын құрылғыларды пайдаланған. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша бірнеше адам құрықталып, тексеру жүріп жатыр. Экономикалық шығын мен астыртын қаржы айналымынан түскен пайданың көлемі тергеу барысында анықталмақ. Бұл қылмысты ұйымдастру үшін кеңселерді жалға берген тұлғалар да жауапқа тартылады, дейді экономикалық қылмысқа қарсы қызмет мамандары.

Жақсылық Мырзахан, Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қылмыстарға қарсы қызметтің ресми өкілі:

Ойын бизнесі заңдарына қайшы жұмыс істеп келген. Тексеру барысында 9 покер үстелдері, 1000 даан фишкалар, 100-ге тарта ойын карталараы мен өзге де затты айғақтар тәркіленген болатын. Қазіргі кезде ҚР ҚК 307 бабы бойынша, яғни заңсыз ойындарды ұйымдастырды деген айыппен тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы облысында мұндай қылмыстық оқиға былтыр да тіркелген болатын. Өткен жылы желтоқсан айында «Қорғас» шекаралық аймақтық халықаралық орталықтың аумағында жасырын ойынхана ұйымдастырған топ ұсталған болатын. Ол жерде ондаған Қытай азаматы құмар ойындарының көркін қыздырып жатқа сәтте құрықталды. Казинодан 50 мың юань тәркілеп, ұйымдастырушыларға сот 9 млн теңге айыппұл салған еді.