Қазақстан мен Ресейге "сандық экономиканы" дамыту үшін күш біріктіру керек. Бұл туралы Ресейдің Челябі қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің 14-ші өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен бірге жиынның пленарлық отырысына қатысты. Аталмыш форум 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүр бойынша ол шекаралас аймақтарда өтеді. Биылғы форум «Адами капиталды дамыту» тақырыбымен өтіп жатыр. Екі ел басшысы Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай бірлескен келісімге қол қоймақ. Сонымен қатар қос елдің министрлері мен ведомство басшылары бірқатар мемлекетаралық, үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық келісімдерге қол қояды деп күтіліп отыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ