$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ипотеканы төлей алмағандар банк кепілдігіндегі мүлкін өзі сата алады - Заң жобасы

AstanaTV
09.11.2017ж. 20:00
2346
Ипотеканы төлей алмағандар банк кепілдігіндегі мүлкін өзі сата алады - Заң жобасы

Ипотекаларын төлей алмаған қазақстандықтар енді банк кепілдігінде тұрған мүліктерін өздері нарықтағы бағамен сатылымға шығара алатын болады. Қазір бұл құқыққа тек банк қана ие. Бүгін "Меншік құқын қорғау туралы" заң жобасы мәжілісте талқыланды.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

Банк сол мүлікті сатылымға шығарған кезде мүліктің қандай бағада сатылып жатқаны немесе арзанға сатылғаны қызықтырмайды. Кепілде тұрған мүліктің жоғары бағаға сатылғаны өзінің иесін ғана алаңдатады. Өйткені ол өзінікі болғандықтан, оның арзан бағаға сатылып кетуіне жол бермейді. Ал мүлкін жоғары бағаға өзі сатса, банк алдындағы қарызынан да құтыла алады.

Қазір несиеге үй алғандардың банктерге берешегі 1,5 триллион теңгені құраған. Ал мерзімін өткізіп алғандардың қарызы - 220 миллиард теңге.

Диана САПАРҚЫЗЫ