Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Соңғы 8 жылда банк жүйесін қолдауға Ұлттық қор мен бюджеттен 3 трлн теңге бөлінген

AstanaTV
09.11.2017ж. 20:00
2760
Соңғы 8 жылда банк жүйесін қолдауға Ұлттық қор мен бюджеттен 3 трлн теңге бөлінген

Соңғы 8 жылда Ұлттық қор мен бюджеттен жеке банктерге 3 трлн теңге берілген. Бұл туралы сенатор Мұрат Бахтиярұлы мәлімдеді. 2009-2010 жылдары қаржы дағдарысына байланысты банк жүйелерін құтқаруға 480 млрд теңге, яғни 4 млрд доллар бөлінген. Сондай-ақ 2014 жылы "Проблемалық кредиттер қоры" құрылып, оған 250 млрд теңге аударылған. Ал биыл құрдымға кете жаздаған "Казкомға" 2 трлн 100 млн теңге бөлінді. Осы қаражаттың қаншасы қайтарылғаны туралы Қаржы министрі айтып берді.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы қаржылардың 2009-2014 жылдардағы возвратный қаржы болатын. Олардың қаншасы қайтарылды? Келешекте бұл қайталанады ма? Мұның бір шектеуі болу керек ғой.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Проблемалық кредиттер қорына бөлінген қаржының 16 млрд теңгесі ағымдағы жылы қаңтар айында қайтып келіп түсті.

Сондай-ақ депутаттардың мәліметінше, биыл банкротка ұшыраған екі бірдей банкте мемлекеттің қомақты активері қоса кеткен. Мысалы, «Казинвестбанк» пен «Дельта банкке» «Бәйтерек» холдингі 80 млннан астам депозит салған. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қос банкке 48 млнға депозит ашқан.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ