Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сауд Арабиясы мұнай өндірісіне қатысты мәліметтерді бұрмалаған болуы мүмкін

AstanaTV
13.11.2017ж. 20:00
3228
Сауд Арабиясы мұнай өндірісіне қатысты мәліметтерді бұрмалаған болуы мүмкін

Сауд Арабиясы мұнай өндірісіне қатысты мәліметтерді бұрмалаған болуы мүмкін. Қара алтын өндіруші алпауыт ел осындай күдікке ілініп отыр. Бұл туралы "Financial times" хабарлады. Мақалада қоймалардағы шикізаттың артқаны туралы жазылған. Ал елдің ОПЕК алдындағы міндеттемесіне сай, керісінше, төмендеуі тиіс. Сараптау компаниясының зерттеушілері осындай тоқтамға келді.

Жерсеріктік мәліметтерге сүйенген мамандар, "Эр-Рияд өз мұнайын жер асты резервуары арқылы сатып жатыр" дегенге дәлел таппаған. Осының алдында Сауд Арабиясы өкілдері "70 млн баррель қара алтын сатқанын" мәлімдеген еді. Ал жоғарыдан түсірілген суреттерде қоймалардағы мұнайдың азаймақ түгілі, артқаны байқалды. Сарапшылар мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр дейді.

Саудиттердің бұл қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. "Эр-Рияд елден сырт аумақтардағы қоймаларда сақталған мұнайын сатуы мүмкін" деген болжам да жоқ емес. Ал Brent құны барреліне 64 доллардан асқанын айта кетейік. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА