$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Самұрық-Қазына» құрамындағы компаниялар 315-ке қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға азаяды - Ө.Шөкеев

AstanaTV
14.11.2017ж. 20:00
3035
«Самұрық-Қазына» құрамындағы компаниялар 315-ке қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға азаяды - Ө.Шөкеев

«Самұрық-Қазына» құрамындағы компаниялар саны едәуір қысқарған. Бұл ұлттық әл-ауқат қорында басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік берді. Елбасы қабылдауында болған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай деп мәлімдеді. 

Жыл соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны тағы 315-ке қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаяды, деді. «Самұрық-Қазына» қорының 10 айдағы жұмыс нәтижелері жөнінде Мемлекет басшысына есеп берді. Трансформациялау жобасының барысы туралы баяндады. Төрағаның мәліметінше, шоғырланған кіріс былтырғымен салыстырғанда 44 пайызға артып, 414 миллиард теңгені құраған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. 

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ АҚ басқарма төрағасы:

Біздің барлық өндірістік компанияда былтырғымен салыстырғанда өндіріс саласы жоғары. Бұған нарықтағы жағдайда өз әсерін тигізеді, өсім бар. Электр энергиясын өндіруде өткен жылмен салыстырғанда жоғары.