Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қашағанда бір тәулікте алынатын мұнай көлемі қысқарды

AstanaTV
14.11.2017ж. 20:00
2338
Қашағанда бір тәулікте алынатын мұнай көлемі қысқарды

Қашағанда өндіріс азайды. Яғни кен орнында бір тәулікте алынатын мұнайдың көлемі айтарлықтай кеміген. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өндірісті қысқарту негізінен технологиялық себептерге байланысты орын алған. Алайда мердігер компанияға ешқандай санкциялар қолданылмайды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Мердігер жыл соңында тәулігіне 370 мың баррель көрсеткішке шыға алмайтынымызды мәлімдеді. Болжам бойынша, тәулігіне 250 мың баррель болады. Бірақ алдыңғы межеге жету үшін келесі жылға бағдарлама дайындалып жатыр. Біз оны қолдадық. Егер асығыстыққа салынсақ, технологиялық қиындықтар туындауы мүмкін.