Спорт Қазақстан
$449.88 €486.64 ₽4.83
×

Тұрғындардың 83 пайызы Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласымен таныс

AstanaTV
14.11.2017ж. 20:00
2499
Тұрғындардың 83 пайызы Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласымен таныс

Тұрғындардың 83 пайызы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласымен таныс. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі осыны көрсетті. «Нұр Отан» партиясы қоғамдағы құндылықтарды зерттеу қорытындысымен таныстырды. Сауалнама қыркүйек айында жүргізілген. Оған қала, аудан және ауылдардан 1000 адам тартылған. Жас ерекшеліктері де әртүрлі. Мәселен, саяси жүйеге қатысты көзқарасқа сәйкес, 57 пайызы эволюциялық даму жолын таңдаған. 14,1 пайызы күрт өзгерісті қалайды, ал 25,5 пайыз қатысушы жауап беруге қиналған. Сондай-ақ үш тілдікке қатысты 55,9 пайыз адам қолдау білдірген. Ал қоғамдағы өсуге кедергі келтіретін нәрселер ретінде: туыстық байланыс, әлсіз әлеуеттілік, кәсіпкерлік қабілеттің төмендігін атаған.

Бағдат Асатова, «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебінің бөлім меңгерушісі:

Зерттеу нәтижесі қазақстандықтардың ұлттық код пен мәдени мұраны сақтай отырып, дамуға бейім екенін көрсетеді. Революциялық емес, эволюциялық дамуды қалайды. Басым бөлігі, 83 пайызы, азаматтық біртұтас қоғамды, 86,8 пайызы демократияны, прагматизм мен меритократияны қолдайды. Бұл қоғамның дамуға, жаңғыруға дайын екенін көрсетеді.

Респонденттер ұлттық дәстүрдің мәйегі не деген сұраққа да жауап берді. 60% астамы - қонақжайлық, 45% астамы - ұлттық дәстүр, 26%-ы жеті атаны білу, 18% - тәуелсіздік,  16,4% - мемлекеттік тіл, 15,7% - жер, деп атап көрсетті.