$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Солтүстіктегі Бәйтерек ауылының жұрты үйсіз қаламыз ба деп үрейленіп отыр

AstanaTV
15.11.2017ж. 20:00
2994
Солтүстіктегі Бәйтерек ауылының жұрты үйсіз қаламыз ба деп үрейленіп отыр

Солтүстікте оралмандарға деп салынған Бәйтерек ауылының жұрты үйсіз қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Тарихи отанына оралған бұқараны 2009 жылы жергілікті билік өкілдері баспанамен қамтыған. Тұрғындардың айтуынша, үйлер сол кезде тегін таратылыпты. Алайда, араға бірнеше жыл салып, халық үйлердің жалға берілгенін білді. Баспананы жекешелендіруге не кедергі? Тілшіміз Абзал Құрманкин мәселенің анық-қанығын білуге тырысты.

Қосымша насос қойылды. Котелды ауыстырдық. Жаңасын қойдық. Содан кейін мына төбенің гипсокартондары салбырап тұрды. Жылу шыға берді. Дополнительно үстін жылыттық.

Тілші Қабдреш Рақаев алғашында үйлі болдық деп қуанғанымен, оның ұзаққа созылмағанын айтады. Жаңа баспанаға жайғасқан алғашқы қысты тоңып өткізген олар 8 жылдың ішінде қаншама жөндеу жүргізген. Енді келіп бар еңбегіміз зая кете ме деп ашынады. 

Қабрдеш Рақаев, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

Әкімдікке бірнеше мәрте барып, үйдің құжаттары жөнінде ақпарат алғымыз келген. Бірақ шенеуніктер тұра беріңдер деді. Ешбір құжат берген емесАл биылғы жылдың сәуірінде жалгерлік төлемді өндіру үшін бізді сотқа берді. Әрбір үйдің ай сайынғы жалдық құны шамамен 6 мың теңге. Бұл сома жыл сайын өсе бермек.

Оралмандарды көшіру бағдарламасының алғашқы легіне іліккен 10 отбасы бар жиған-тергенін тастап, атамекенге оралған. Билік өкілдері бірден баспанамен қамтыдыоған рахмет деген бұқара сол кездегі өңір басшысының уәдесі сөз күйінде қалғанына өкінеді.

Майра Сүлейменова, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

Билялов бізге кілтті берген кезде, бес жылдың ішінде ешқандай ақысыз осы үйді сіздердің аттарыңызға аударып береміз деген. Бізді неге алдайды бұл кісілер? «Атаңа да барасың, аңырайып отырасың». Сол сияқты біз де аңырайып отырмыз.

Тұрғындар осы мәселемен түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырған. Бірақ бүкіл мәселе айналып келгенде аудандық әкімдікке тіреледі екен.

Амангелді Есенқажынов, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

Жалобаны президенттің өзіне емес, администрацияға бергіздік, парламентке «Прав человека» при президенте соған жалобаны апарып бердік. Ответ келіп отыр, облысқа келеді, облыс ауданға жібереді.

Қызылжар ауданының атқамінерлері оралмандарға үйді тегін беру жайы заңда қарастырылмаған дейді. Есесіне, оларды жекешелендіруге мүмкіндік бар.

Бақыт Ілиясов, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

Бұл үйлердің тұрғындарға тегін таратылғаны жөнінде ешбір құжат жоқ. Егер олар бұл баспаналарды жекешелендіргісі келсе, соңғы 5 жылдың жалдық құнын өтеп, бастапқы жарна ретінде баспана бағасының 30 пайызын береді. Қалған соманы 10 жыл бойы бөліп төлеуге мүмкіндік бар.

Билік өкілдері жалгерлік төлемді өтеуден бас тартқан тұрғындарды сотқа берген. Егер  бұқара келісімшарт жасасып, үйдің құнын өтеуден бас тартса, онда баспананы тартып алуға тура келеді, дейді атқамінерлер. Мәселен, былтыр осындай талапқа көнбеген 4 отбасы баспанасынан айырылған 

Абзал Құрманкин, тілші:

Бәйтеректегі 245 үй аудандық әкімдіктің балансында тұр. 205-і бойынша келісімшарттар жасалған. Ал қалған 40 түтіннің өкілдері өз құқықтарын сот арқылы дәлелдеп, баспананы жеке меншігінде қалдыруды көздеп отыр.

А.ҚҰРМАНКИН