Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Келесі маусымда көмір тасымалынан қиындық болмайды - ҚТЖ

AstanaTV
15.11.2017ж. 20:00
2422
Келесі маусымда көмір тасымалынан қиындық болмайды - ҚТЖ

Ал көмір тасымалы бойынша қиындық туындамайды. Өйткені оған қажетті вагон қоры жеткілікті,- дейді  «Қазақстан темір жолы - жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы. Үкімет қабырғасында өткен баспасөз мәслихатында қатты отын тасымалы жайы сөз болған.

Төрағаның айтуынша, көмір нарығын құзырлы органдар арқылы реттеуге әбден болады. Ол үшін алдын ала тиісті тергеу-тексеру шаралары жүргізіп, алып-сатарлармен жұмыс істелінуі керек. Сонда ғана бағаны қолдан қымбаттатып үйренген пысықайлармен күрес нәтижелі болмақ. Ең бастысы, биылғы күздегідей көмір дүрбелеңі болмайды деді,- Оралхан Кулаков.

Оралхан Кулаков, «ҚТЖ жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы:

Вагон толық жетеді. Келесі жылы вагон жетпейді деген сөз болмау керек. Тұтынушылардың көздері жетіп жатыр. Жұмыс жүріп жатыр. Мына тексеру өтсін, сосын жауапты өзіңіз көресіз. Неге көтеріліп жатыр, кім көтерді, кім вагон жоқ деп жатыр? Оның бәрі ашылады.