$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Мұхтар Әбләзовті елге қайтару үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр - Бас прокуратура

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2275
Мұхтар Әбләзовті елге қайтару үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр - Бас прокуратура

Мұхтар Әбләзовті қайтару үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін жедел тергеу тобы құрылған. "Астана" телеарнасының сұрағына Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин осылай деп жауап берді.

Қашқын олигарх бірнеше жылдан бері шетелде бой тасалап жүргені белгілі. Ал Бас прокуратура өкілінің айтуынша, жыл басынан бері шетелде істі болып, сотталған 11 азамат жазасын елде өтеу үшін Қазақстанға қайтарылды.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті материалдар зерттелуде. Барлық шараларды қолданатын боламыз.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ