Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматыда тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігі жайлы ақпарат тарату ісі жанданады

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2657
Алматыда тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігі жайлы ақпарат тарату ісі жанданады

Бүгін Алматыда жер тербелісі сезілді. Сейсмология орталығының өкілдері мұны растап отыр. Тербеліс күші 2 баллды құраған. Алдағы уақытта тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігі жайлы ақпарат тарату ісі жанданады. Яғни мәліметті жылжымайтын мүлік сату бойынша хабарландыруға қосу жоспарланған. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, тұрғын үйлердің жер сілкінісіне қаншалықты дайын екеніне байланысты деректер жиналып жатыр. Сейсмологиялық тұрғыдан қауіпті ғимараттары көп аудандар белгіленеді. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 2 миллиард теңге бөлінген.

Серік Әубәкіров, Алматы қаласы ТЖД басшысы:

7027 ғимарат толық тексеруден өтеді. Менің ойымша, бұл көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар құрылысына оң септігін тигізеді. Жоба аясында, нысандарды тіркеп қана қоймай, сейсмоқауіптілігіне назар аударамыз.

Алматыда жыл сайын екі жүздей әлсіз тербеліс тіркеледі,- дейді мамандар. Сейсмология институтының директоры, алдағы уақытта жер асты дүмпулері үдей түсуі мүмкін деген болжам айтты. 

Әнуар Боранбаев, «Сейсмология институты» ЖШС директоры:

ХХI ғасыр - зілзала ғасыры. Жер ғаламшары сейсмикалық белсенділік кезеңіне өтуде. Жыл сайын әлем елдерінде орын алып жатқан қайғылы оқиғалар - мұның дәлелі. Яғни осы ғасырда тербеліс күші арта түседі.