Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сыйымдылығы 12 тоннадан асатын жүк көліктерінен жолдарда ақы алу жоспарланып отыр

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2247
Сыйымдылығы 12 тоннадан асатын жүк көліктерінен жолдарда ақы алу жоспарланып отыр

Сыйымдылығы 12 тоннадан асатын жүк көліктерінен геожайғасым жүйесі арқылы әр жүрген шақырымына автоматты түрде ақы алынады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінде өткен брифингте «Қазавтожол» өкілі мәлімдеді. Жаңа жүйені Ресей енгізіп үлгерген. Ал біздің елде ірі жүк көліктеріне арнайы борттық құрылғылар қойылады деп жоспарланған. 

Рустам Исаев, «Қазавтожол» АҚ басқарма директоры:

Ресейдің тарифтерімен бірдей болғаны жөн деген ұсыныс бар. Онда ақы 2 рубльді құрайды. Егер бұл жүйе енгізілетін болса, бізде шақырымына 20 теңгеден автоматты түрде алынып отырады.