Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда борышкерлердің қарызы 8 миллиард теңгеден асты

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2029
Оралда борышкерлердің қарызы 8 миллиард теңгеден асты

Қарызын төлемеген оралдық кәсіпкерлер шетелге шыға алмай жүр. Бұл туралы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының төрағасы мәлімдеді. Борышкерлер арасында заңды және жеке тұлғалар тізімнің басында тұр. Қарыз 3 миллиардқа жуықтайды. Екінші орында алимент пен коммуналдық төлемге қарызы көбейгендер жайғасқан. Олардың берешегі 57 және 55 млнды құрайды. 150 борышкер алимент төлемегені үшін бес тәулікке қамалған. 

Әкімшілік айыппұлдар - 59 млн теңге. Борышкерлер төрт мыңнан асады, қарызы 8 миллиард теңгеге жуық. Бұл азаматтар сырқаттанып, шетелге емделуге аттанса ғана, жеңілдік жасалады. Сондықтан уақыт оздырмай, қарыздан құтылуға асыққаны дұрыс, - дейді сот орындаушылары.  

Жандос Саматов, БҚО жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының төрағасы:

Уақытылы төлемегендіктен, қарыздары толып, соттың шешімдері шығуда. Әр азамат өзінің қарызын уақытылы қарап, тексеріп жүрсе, жеке сот орындаушылары тарапынан оларға сұрақтар болмайды деп есептейміз.