Adv pic
$473.98 €504.03 ₽4.93
×

Аяқталмаған құрылыс нысандарының жәрмеңкесі

AstanaTV
27.07.2017ж. 20:00
1616
Аяқталмаған құрылыс нысандарының жәрмеңкесі

Астанадағы құрылысы бітпей тұрған үш тұрғын үй кешеніне инвестор табылды. Бұл туралы әкімдік өкілдері хабарлады. Бүгін елордада проблемалы тұрғын үй кешендерінің жәрмеңкесі екінші рет өтті. Бұл "Елорададағы қауіпсіздік пен жайлылық" жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Оған 70-тен аса құрылыс ұйымы қатысты. Оның ішінде аймақтардан келгендер мен шетелдік компаниялар да бар. Жәрмеңкеде 13 тұрғын үй кешені ұсынылды. Мақсат -  проблемалы нысандардың құрылысын аяқтау үшін кәсіпкерлер мен инвесторларды тарту. Өткен жолғы жәрмеңкеде 9 нысан шығарылған болатын. Бұл жәрмеңке құрылысы аяқталмай қалған үйлерге инвестор табылмайынша, жалғасатын болады.

Темірлан Әлиханов, Астана қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

Біздің рөліміз азаматтардың құқығын қорғау. Осындай жәрмеңке өткізіп, оларға инвесторларды шақырып, шамалы көмек ретінде осындай шара өткізіп жатырмыз.