Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сот Қарағанды шахтасында қауіпті қондырғыларды қолдануға тыйым салды

AstanaTV
17.11.2017ж. 20:00
2503
Сот Қарағанды шахтасында қауіпті қондырғыларды қолдануға тыйым салды

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы жер асты жолдарымен көмір тасып шығаратын көліктерді пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Бұл туралы  мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, компанияға қарасты Костенко шахтасында көмір таситын көлік қондырғысы кеншілер өміріне қауіп төндіріп келген.

Алдағы уақытта аймақтағы кен орындары қауіпті қондырғыларды пайдалана алмайтын болды. Яғни оларға сот арқылы тыйым салынды. Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты комитеттің Қарағанды облыстық департаменті мамандары кен орындарында бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Өндіріс нысандарында қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанына орай, сотқа шағым түсірілді. Сот компанияның өндірістік қауіпсіздік  заңнамасын бұзғанын ескеріп, қауіпті қондырғыларды пайдалануға тыйым салды. Шешім алдағы уақыта заңды күшіне енеді.