$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ерекше фото: әйгілі қақпашы неге жылады?

AstanaTV
18.11.2017ж. 20:00
1850
Ерекше фото: әйгілі қақпашы неге жылады?

«Ерекше фото, видео» айдарына футболдан Италия құрама командасының капитаны, атақты қақпашы 39 жастағы Джанлуиджи Буффонды алдым. Жылап қалды. Адам сенгісіз, Италия келесі жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспайды. Іріктеу ойындарында сүрінді. Осы құраманың да жанкүйері едім... Швециямен өткен матчтан соң Буффон карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол алдағы әлем чемпионатынан кейін аяқтасам деп жүрген. 1997 жылдан бері Италия құрамасының сапында 175 матчта ойнаған. 2006 жылы құрамамен әлем чемпионатын жеңіп, 2012 жылғы Еуропа чемпионатында күміс жүлде алған. Көз жасын ірке алмаған Буффон, «мен өзімді аяп тұрған жоқпын, маған бүкіл италия футболы аянышты. Біз басқа бір деңгейде – қоғам деңгейінде жеңілдік» депті...