Қарағандыда Орталық Азияда теңдесі жоқ ескі көліктерді жоятын зауыт ашылды. Оның жылына 50 мың ескі көлікті қабылдап, қайта өңдеп, толық сұрыптап шығатын қауқары бар. Инвесторлар қазақстандықтар. Бүгін зауыттың тек алғашқы бөлігі ресми жұмысын бастады. Ол еліміздің 17 өңірінен жеткізілген көліктерді дәл осылай түктеп, темірін темір, мысын мыс және қалдығын қалдық етіп сұрыптап отырады. Алда екінші кезеңі бар.
Алмас
Айдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:
Қыста
екінші кезең қосылады, онда металлдарды пеште өңдейтін болады. Бір машинадан 80
пайыз қара металл шығады. Оның 3 пайызы цветмет дейміз және 0,5 таза мыс, осы
мысты өңдеп дайын мыс шығарады.
Ескі көлік толық жүріп тұрса, оның бағасы 150 мың теңге. Қазақстанда жинақталған жаңа көлік алуға 350 мың теңгелік сертификат та алуға болады. Зауытта 70 жаңа жұмыс орыны ашылды. Құйылған инвестиция көлемі - 3,5 млрд теңге.
Әзімжан
Оспан, зауыттың басқарушы директоры:
Мұндай
зауыт Орталық Азияда жоқ. Қайта өңдеу саласында ел бойынша ең алғашқы болып
табылады. Біз еуропалық тәжірибені жинақтадық. Зауыт енді тесттік режимде
жұмысын бастады. Жұмыскерлердің орташа айлығын әзір айту қиын. Бірақ нарыққа
сай болады деп үміттенеміз.