$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Зейнетке шығу жасы ұлғаюы мүмкін

17.09.2025ж. 07:20
Зейнетке шығу жасы ұлғаюы мүмкін

Өзбекстанда зейнет жасын ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Astana TV.

Елде зейнет жасын кезең-кезеңімен өсіру ұсынысы талқыланбақ. Ерлер үшін – 60 жастан 63 жасқа дейін; Әйелдер үшін – 55 жастан 58 жасқа дейін.

Қазір Өзбекстанда 3 млн-нан астам зейнеткер бар, бұл – халықтың 9%-ы.

Сарапшылардың айтуынша, еңбекке жарамды азаматтардың салығы есебінен төленетін қазіргі жүйе бюджетке ауырлық түсіріп отыр.