$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Трамп The New York Times-ты сотқа берді

16.09.2025ж. 17:45
Трамп The New York Times-ты сотқа берді

АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times газетіне қарсы сотқа шағым түсіріп, ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіргені үшін 15 млрд доллар көлемінде өтемақы талап етті. Бұл туралы ол өзіне тиесілі TRUTH Social әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазды Astana TV..

«Бүгін менің жала жабу ісі бойынша The New York Times-қа қарсы 15 млрд долларлық шағымым қаралды. Бұл – ел тарихындағы ең нашар әрі құлдыраған газеттердің бірі. Радикалды солшыл демократиялық партияның қолшоқпары», – деп жазды Трамп.

Сонымен қатар, ол басылымды демократиялық партия атынан сайлауға түскен Камала Харристі қолдағаны үшін де сынға алды. Reuters мәліметінше, Трамп тек газетті ғана емес, сонымен бірге оның төрт журналисін және Penguin Random House баспасын да сотқа берген.