$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Жетісуда «Қайырымдылық қоры» атын жамылғандар жасөспірімдерге заңсыз діни сабақтар оқытқан

20.09.2025ж. 09:25
Жетісуда «Қайырымдылық қоры» атын жамылғандар жасөспірімдерге заңсыз діни сабақтар оқытқан

Жетісу облысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, жасөспірімдерді тіркелмеген діни ағымға оқыту әрекетін тоқтатты,- деп хабарлайды polisia.kz.   

Тексеру кезінде жатақхана ретінде пайдаланылған бөлмелерден шетелдік діни кітаптар мен оқу материалдары табылды.

Ұйымдастырушылар бұрын өздерін қайырымдылық қоры немесе балалар пансионаты ретінде көрсетіп, жасырын сабақтар өткізген.