Тергеп-тексеру барысында анықталғандай, 1 қарашада түнгі мезгілде олар облыс орталығында саябақта серуендеп жүрген екі кәмелетке толмағанды ашық түрде тонаған. Күдіктілер күш көрсету арқылы қорқытып, олардың ұялы телефондары мен күртесін тартып әкеткен, деп хабарлайды Astana TV.
Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Олар Ақтөбе қаласының 16 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың екеуі де жергілікті колледж студенттері.
Жасөспірімдер өз қылмысын мойындады. Олардан тоналған заттар толық тәркіленді. Қазіргі уақытта тонау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін (ҚР ҚК 191-б.2-б.) мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.