2025 жылдың сегіз айында «СҚ-Фармация» ЖШС Байланыс орталығының операторлары 1439 нөмірі бойынша 39 мыңнан астам өтінішқабылдады. Бұл нөмірге қоңырау шалу кез-келген ұялы және қалалық телефондардан тегін.
Көбінесе пациенттер емдеуге арналған дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүгінген:
● қант диабеті,
● эпилепсия,
● артериялық гипертензия,
● ревматоидты артрит,
● онкологиялық аурулар,
● өкпенің созылмалы обструктивті ауруы,
● аритмия және склероз.
Өтініштер CRM жүйесінде, соның ішінде сөйлесу жазбалары мен өтінімдерді өңдеукезеңдерінде жазылады. Бұл мониторинг жасаудың ашық жүйесін құруға және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Байланыс орталығының операторларының жоғары медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар, бұл өз кезегінде мемлекеттік және орыс тілдерінде білікті кеңес беруге мүмкіндік береді. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, сенбі күні – 09:00-ден 13:00-ге дейін қоңырауларды қабылдайды, жексенбі – демалыс күні»,-деп түсіндірді Байланыс орталығының бастығы Баян Рүстембекова.
Байланыс орталығы ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуы және жеткізілуі бойынша ақпарат береді, сондай-ақ пациенттерді нақты медициналық ұйымдарда жөнелту кестесі және дәрі-дәрмектердің қалдықтары туралы хабардар етеді.
Сонымен қатар, 1439 нөмірі – Сенім телефоны қызметін атқарады – мұнда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы хабарлауға болады.
Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармациямен» бірлесіп қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін дәрі-дәрмектерді ұсыну бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету амбулаториялық деңгейде – дәрігерлердің рецептері бойынша емханалар арқылы және стационарлық деңгейде – ауруханалар жағдайында жүзеге асырылады.