$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде құрғақ шөп өртенді

23.09.2025ж. 15:10
Ақтөбеде құрғақ шөп өртенді

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысы арасындағы шекарасында құрғақ шөп жанып, оны сөндіруге 18 техника жұмылдырылды.

Оқиға 22 қыркүйек күні Ақтөбенің Ойыл ауданы Саралжың ауылынан 60 шақырым қашықтықта болды. Өрт бүгін таңға жақын ғана сөндірілді. 
 

- Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 85 адам, 18 техника жұмылдырылды. Өрт 23-қыркүйек күні сағат 03:35-те толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Елдімекендер мен нысандарға қауіп төнгенбеді,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.