Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда діни араздық туғызды деп айыпталған экс-прокурор мен инженер-металлург ісі бойынша сот басталды

AstanaTV
22.11.2017ж. 20:00
2313
Қарағандыда діни араздық туғызды деп айыпталған экс-прокурор мен инженер-металлург ісі бойынша сот басталды

Қарағандыда əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік, тектік-топтық жəне діни араздық тудырғандары үшін айыпталған екеудің соты басталды. Тергеу материалдарына сүйенсек, күдіктілер «Жаңа дəуір адамдарының сыры» кітаптарын зерттеген. Айыпталушылар адвокаты мен туыстары бұл кітаптың қоғамға қаупі жоқ екенін жəне Қазақстанда оған тыйым салынбағанын айтады. Дегенмен, сотталушылар 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Игорь Кирьянов, айыпталушылардың қорғаушысы:

Алдын ала тергеу органдары бұл кітаптарды мистикалық діни ағымға жататын кітаптар деп тапқан. Олардың пікірінше, оқулықтар дінаралық араздық туғызуға бағытталған. Бірақ нақты дəйектерді ешкім келтіре алмады. Бұл кітаптарға біздің елде тыйым салынбаған.

Вера Ткачева, айыпталушының əйелі:

Ғылыми-публицистикалық кітаптар - діни оқулықтар емес. Олар Астанада дін жөніндегі министрлікте сараптамадан өткен. Қорытындыда олардың дінге емес, эзотерикаға жақын екені айтылған.

Айыпталушы зейнеткер Уəли Алиасқаров бұрын прокурор қызметін атқарған. Ал Михаил Ткачев инженер-металлург болып жұмыс істеді. Туысқандарының айтуынша, айыпталушылар Наурыз мейрамы кезінде дастарқан басында ғылыми теорияларын пысықтау кезінде ұсталған. Алайда прокуратура органдары əзірге өздерінің ресми көзқарастарын білдірген жоқ. Бүгінгі отырыс басталмай жатып, аяқталып қалды. Сот істің қаралуын осымен екінші рет кейінге шегеріп отыр. Келесі процесс қарашаның 28-інде өтпек.