$468.88 €534.1 ₽6.04
×

"Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын",- О.Бектенов

"Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын",- О.Бектенов

Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесуінде айтты. Олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы салалардағы өзара іс-қимыл, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу және басқа да өзекті мәселелер бойынша сөз қозғады.  Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың сапалы орындалуын ерекше бақылауға алатынын баса айтты. Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалап, қазақ-мажар ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.