$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Студенттер бизнесті дамытатын жаңа жоба ойлап тапты

Студенттер бизнесті дамытатын жаңа жоба ойлап тапты

Отандық студенттер бизнесті оңтайландыратын жаңа жоба ойлап тапты. Жасанды интелектінің көмегімен сатылымды арттырып, нарықты зерттейтін, тіпті, маман таңдауға көмектесетін жүйе Digital Bridge форумында таныстырылды. Еліміздің болашаққа бағдары айқындалған шарада түрлі стартаптар ұсынылды. Одан бөлек жасанды зерденің жетістіктері, робототехника саласындағы нәтиже көрсетілді.

СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Жасанды интелект шығармашылықтың серігіне айналды. Мәселен мына құрылғы салған суретіңіз бен жазбаңызды ақылды жүйенің арқасында әп сәтте керемет туындыға айналдырады. Менде сүйікті арнамның атын жазып көрейін. Не ұсынар екен?

Бұрындары мұндай қызметті дизайнерлер ұсынатын. Қазір баршаға қолжетімді.

АЙНАТ ТӨЛЕГЕН, ЕРІКТІ:

Апарат қазіргі таңда көп салаға көмектеседі. Мысалы, архитектор, дизеайнер, графический дизайнер. Әртүрлі варианттарды, әртүрлі креативті ойларды табуға көмектеседі. 

Бұл- төтенше жағдай кезінде адамға көмекке келетін робот ит. Арнайы жүк тасуға бейімделген темір көмекші кез келген кедергіден сүрінбей өтеді. Діттеген жерді көрсеткеңіз болғаны. Форумда бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандарға қолғабыс ететін құрылғылар, боксшы роботтар, дрондар  таныстырылды. Олар шетелде құрастырылса да, автоматтандыру жүйесін қазақстандық жастар жасаған.

ЕЛНҰР ӨТЕБАЙ; "USTEM" ФОНДЫ СПОРТТЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күні кеше өткен келіссөздер аясында юнитри деген ең үлкен, мықты робототехника компанияларының бірі Қазақстандық университеттердің ішінде лаборотория өтеді деген келісім жасалды. Мамандарын жіберіп, бізде жаңа қызметкерлер буынын шығаруға көмектеседі.

Бұл-«KOZ AI» компаниясының өнімі. Бизнесті дамытуға арналған ерекше жоба жасанды интеллекттің көмегімен сатылымды арттырып, нарықты терең талдауға мүмкіндік береді. 6 елде 40-тан астам тұтынушының сеніміне ие болды.             

АЛМҰХАМЕД АМИТОВ, "KOZ AI" КОМПАНИЯСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Клиенттердің барлығы процесстерін 40 пайызға операциялық шығынын төмендетті. Әр жұмысшы жұмыс графигінің ішінде 4 сағаттан астам уақытын үнемдейді. Осы ЖИ арқылы. Ал компаниялар өз процессін 80 пайызға дейін нығайта алады.

Болашақтың бағдарын айқындаған форумда түрлі спикерлер өз ойын ортаға салды. Тәжірибесімен бөлісіп, кеңесін берді. Жиынға қызығушылық білдіргендердің қарасы қалың.

БЛИЦ:

- Қатты ұнап жатыр. Өте қызықты. Өте мағұлматты. Әсіресе спикерлердің тұжырымдамасы мен ойлары.

- Сыйлық алдым. Жағымды нәрсе.  Стартапзонаға бардық. Қазір диплом жазып жатырмын. Соған бірнеше идея алдым.

Мемлекет басшысы айтқандай, технология дәуіріне жаппай ілескен ел ғана шын мәнінде алға озады. Осы форум жаңа идеялар мен заманауи технологиялардың үздіксіз өрлеуінің бастауы десек артық емес.