Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елімізде ер кісілердің 65 пайызы денсаулығына қарамайды. Белсіздік артқан...

AstanaTV
25.11.2017ж. 20:00
4374
Елімізде ер кісілердің 65 пайызы денсаулығына қарамайды. Белсіздік артқан...

Павлодар облыстық прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев қазан айының 1-нен бала күтіміне байланысты демалыс алған. 3 жылға. 49 жастағы прокурор 2020 жылдың наурызына дейін бала бағады. Прокуратурада 24 жыл қызмет еткен Артықбаев 2012 жылы облыс прокурорының орынбасары болып тағайындалған. Оған дейін тағы бір прокурор декреттік демалыс алған екен. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының хабарлауынша Павлодар облысында бала күтімі бойынша 29 ер адам «декретке» шыққан. Бұл жылы жымитатын жаңалықтан кейін елімізде ер кісілердің 65 пайызы денсаулығына мән бермейтінін айтқан онша емес, әрине. Алматыдағы Жарбосынов атындағы урология институтының басшысы келтірген тағы бір мәлімет - бала сүюге мүмкіндік бермейтін «кінәратты» бөлсе, 50 пайызы әйелдерге, 50 пайызы ер адамдарға тиесілі. Ал бізде әлі күнге дейін әйелдерді кінәлап жатады... Жақында Омбы қаласының мэрі болудан үміткер демография мәселесін ретттеу үшін біздің еліміздің солтүстік өңірлерінен ер-азамат тарту туралы ұсыныс айтқан. Бірақ ол мына мәліметті білмейді екен: мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында қуық асты безінің қатерлі ісігімен ауыратын ер адамдар көп. Тақырыпты Гүлбарам Меңдеева талдайды.

Мына жігіт 30-да. Екі рет отбасын құрса да, бала сүйе алмай жүр. Кәніраттың өзінен екенін түсінген ол, бастапқыда халық емшілеріне көрініпті. Нәтиже болмаған соң қорықса да ауруханаға келген. 

- Бір рет үйлендім. Онымен 5 жыл тұрдым. Балалықпен жүре бердім. Екінші рет үйлендім, онымен 2 жыл тұрдым. Бала болмады. Содан кейін екінші әйелім бедеусің дегенге қарадым да, бауырларым көмектесіп, қарал болмайды деп.

Дәрігер оның сәл кешігіп келгенін айтады. Бірақ ота жасалды, енді бәрі оңалуы тиіс.

- Жақсы болатын шығар деп ойлаймын. 
- Настрой жақсы ғой?
- Қалыпты.

Бір балаға зар болып жүрген жалғыз бұл жігіт емес. 

Мырзакәрім Алшынбаев, «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

Ерлер белсіздігі қазір үлкен проблема болып отыр. 40 жыл бұрын мен қызметімді бастаған кезде 20-25 пайыз  еді, қазір дүниежүзі статистикасы бойынша 50 де 50 болып жатыр. 50 пайызы әйелдер, 50 пайызы еркектер.

Академик Мырзакәрім Алшынбаев елдегі ерлер белсіздігі өршігенін айтып, дабыл қаққан алғашқы адам. 2012 жылы 25 мың азаматты скринингтен өткізгенде, 30 пайызы белсіз болып шыққан. Ал арнайы анкеталық зерттеу мәселе одан да өткір тұрғынын көрсеткен.

Марат Мақажанов, Алматы қаласының бас урологы: 

Еркектердің белсіздігі 56,3 пайыз, әйелдер оны подтверждать етіп 55,7 пайызға кетіп жатыр. Сонда ол бізде шынымен көп деп ойлаймыз біздер. 

Көп болған соң әр аймақта ерлер денсаулығы деп аталатын орталық ашылды. Жұмыс 12 жылдан бері жүріп келеді. Мәселеге өкімет енді араласа бастады. Келер жылы алғаш рет республикалық бюджеттен ерлер денсаулығына қаражат бөлінеді. Бағдарлама «Ерлер денсаулығы – сапалы өмір сүру» деп аталады.

Мырзакәрім Алшынбаев, «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

Біз бірінші ел дүниежүзіндегі ерлердің денсаулығына үкімет арқылы, халықтың ақшасы арқылы қарап отырмыз. Сол үшін облыс орталықтарында ашылған, соған қарамай 65 пайыз. Қазақстанда еркектер өз денсаулықтарына қарамайды. Қаралу мәдениетінен жұрдай. Әйел кісі ауырса уақытында дәрігерге барады. Ал еркек не істейді? Моншаға барып, арақ ішіп жатады, өзі жақсы болады деп. 

Ал белсіздік жасарып барады. Бұған дейін 40 жастан асқандар балалы болу бақытынан айырылса, қазір балиғатқа толғандар да белсіздер қатарын көбейткен.

Мырзакәрім Алшынбаев, «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

18-20 жастан балалар келіп отыр, уже белсіздігі бар. Ол тума аурулар болса, роль не играет. Бұл жерде түрлі-түрлі жыныс арқылы жұғу, суық тию, солар көбейіп кетіп жатыр, жастар сол арқылы белсіздікке келіп отыр.

Марат Мақажанов, Алматы қаласының бас урологы: 

Бұрын ондай жоқ еді. Қазір жұмыста отырады, көп қимылдамайды, жейтіндері колорейный тамақ, соған байланысты қан тамырлары да тозады ғой. Ертерек белсіздік пайда болады. 1 миллилитрде 60 миллионға шейін 50 жылдарда, 80 жылдарда 30 миллион сперматозоид 1 миллилитр спермада болады количествосында. Қазір 15 миллионға түсіп кетті.

Белсіздік пен бедеулік елдегі біраз проблемаға себеп. Соңғы 7 жылдан бері ажырасқандар саны артып барады. Биыл 60 мыңдай неке құрылса, 27 мың жұп ажырасқан. Демографиялық көрсеткіштер де межені еңсере алар емес. 

Мырзакәрім Алшынбаев, «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

Осы тәуелсіздік білгеннен бері өзбек халқы 10 миллионға көбейді, түрік халқы 14 миллионға көбейді. Біздің халқымыз 16 миллион еді, 2 миллион отток болды, сонда 4 миллионға көбейдік.

Мәнсия Садырова, әлеуметтанушы:

Бұл мәселеге біз тек әлеуметтік тұрғыдан емес, экономикалық тұрғыдан да қарауымыз керек. Себебі бала санының аз болуына байланысты еңбек ресурсы, қоғамның дамуы, мәдени дамуымыз, өркендеуіміз бәрі осы репродуктивті функцияға, демократиялық өсуге байланысты болады.

Демографиялық өсім үшін Ресейдің Омбы қаласына мэр болудан үміттілердің бірі Қазақстанның солтүстік аймағынан ерлерді тарту жобасын айтқан еді. Мұны естіген әкімдік өкілдері ерлер өзімізге де жетіспейді деп дереу жауап қатты. Бірақ мэр боламын деген кандидаттың олардың денсаулығынан бейхабар. Суық аймақ болғандықтан мұнда жыныс аурулары белең алған. Ерлер денсаулығы орталығында жыл сайын 80 азаматтың қуаты сарқылғаны анықталады. Ол тек тексерілгендері ғана. Әйелге кінә артып, ауруханаға беттей алмай жүргендер қаншама?!

Александр Ли, Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасы урология бөлімінің меңгерушісі:

2012 жылы адам ұрпағын өрбіту орталығы ашылды.  Осы аралықта 1113 сырқат қаралған. Оның 30 пайызы ғана бала сүю бақытына бөлінді. Жыл сайын науқастар саны артып отыр, әрі жасарып барады. Биылғы 10 айда 900-ден аса адам келді. 540-ынан қуасты безінің аденомасы, 79-ынан белсіздік анықталды. Қалғандары созылмалы простатитпен ауырады.

Марат Мақажанов, Алматы қаласының бас урологы: 

Ол простатитті емдей бермесе, ертең қуық асты безінің қатерлі гиперплазиясы болып кетуі мүмкін, қатерлі ауру болуы мүмкін. Қазір деген көп қой, 6-шы адамда рак предстательной железы болып жатыр. Жиілеп кетті.

Белсіздіктен бөлек, өмірді қысқартады. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда скрининг жүргізілгелі қатерлі ісікпен ауыратындар жиілеген. Қазір өмірі қыл үстіндегі 363 науқас бар.

Мәлік Сексенбаев, Солтүстік Қазақстан облыстық онкологиялық диспансердің хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

Биылдыққа 71 ауру қуық асты безі обырымен жаңадан тіркелді. Биылдыққа науқастар саны бақилық болған науқастар саны 14. Көбісінің өлу себебі қосалқы ауруларға байланысты.

Қатерлі дертпен күресіп жүргеннің бірі – Сергей. Павлодар тумасы барлығы бойға суық өткеннен басталды деп отыр. Өзі созбаққа салып алған соң өзгелерге дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Сергей, Павлодар қаласының тұрғыны:

Түнде кіші дәретке шығатын болдым. Бұрын мұндай болмаушы еді. Осыдан басталды. Бірақ мен кетеді ғой деп жүріп алдым. Скринингтен өткенім сол екен, дереу дәрігерлер бақылауға алды. Ұялудың қажеті жоқ, ол сіздің денсаулығыңыз ғой.

Алмагүл Түсіп, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің радиолог-дәрігері:

Ер адамдар көбіне ұялады немесе уақытым болған жоқ, жұмыстан бос болмадық деп ақталады. Түрлі сылтау айтады, сыртау көп. Барғым келмеді, білдім дейді. Қорқады.

Мырзакәрім Алшынбаев, «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

Статистика бойынша 63 жастан асқан еркек 680 мың. Әйелдер 2,5 есе көп. Біз пенсияға жетпей көбіміз кетіп қалып жатамыз. Пенсияға жеткеннің өзі 680 мың.

Гүлбарам Меңдеева, тілші:

Мамандардың айтуынша, қазір әйелдерге қарағанда ерлері көп өмір сүретін әлемде бір де бір ел жоқ. Бірақ бұрын сексенбай, тоқсанбайлар болды емес пе? Олар әрине темекі, есірткі тартып, ішімдік ішпеді. Құнарлы тамақтанып, үнемі ат үстінде жүрді. Физикалық еңбек етіп, семіздікке душар болмады. Ал қазір бәрі керісінше. Сондықтан өз денсаулығын ұрпақ денсаулығы деп қарамайтын болса, болашақта жетпісбай, сексенбайлар түгел, ақсақалдыларды да көрмейтін сияқтымыз. Ал мамандар ұл балаға «сен жігітсің, сен шыдау керексің» деген түсінікті денсаулыққа келгенде айтпау керек дейді. Керісінше, жасөспірім шаққа өткенде дәрігерге қаралу мәдениетін үйретуге кеңес береді.