«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің киелі жерлерінің картасы жасалып жатқаны мәлім. Онымен тікелей айналысып жатқан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалидан сұхбат алдық – қанша өтініш түсті, алғашқы энциклопедия қашан шығады дегендей. Берік мырзаны тыңдасақ:
Берік Әбдіғали, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
Жұмыс аяқталып біткен жоқ. Талдаулар мен толықтырулар жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін бірінші жоба дайын болады. Бүгінгі күні жалпыұлттық 180 жуық нысан таңдалды, ал аймақтар бойынша 500 ден астам.
1000 жуық өтініш түсті. Әлі де іріктеліп жатыр. Сол үшін арнайы сараптамалық кеңес құрылған, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінен. Қазақта киелі жер көп. Қазақ үшін әрбір тас, әрбір су қасиетті. Ландшафттық тұрғыдан алсақ, Алтай, Сарыарқа, Жетісу, Маңғыстау, Еділ мен Жайық, Сыр бойы, Қаратау, Баянауыл, Көкшетау, Ұлытау, Қарқаралы. Енді ғылыми сараптамаларды қолданып, аңыздарды теріп, тізіп жатырмыз. Бұл жұмыс бірінші рет жүйеленіп жатыр.
Елдің өзі қасиетті жерлерді анықтап қойған. Сонымен бірге ұмыт қалған, еленбей қалған жерлер бар... Сондай-ақ, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі біздің батырлардың жерленген жері, Ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі батырлардың сүйегі жатқан жерлер. Олардың образдары арқылы ерлігін насихаттап, мемлекетшілдікті күшейту.
Әрбір ескерткіштің неге құнды екенін көрсету. Тарихи сана-сезімді қалыптастыру. Бұл мәдени немесе діни жоба емес. Бұл мәдени-әлеуметтік жоба. Толассыз істелетін жұмыс. Оқулықтарға енеді, ғылыми жұмыстарға. Фильмдер түсірілер... Рухани жаңғыру бағдарламасы 5 жылға жоспарланған. Бірақ осы уақытта әрине, аяқталмайды. 5 жылда өмірімізге үлкен серпіліс беріп, қозғалыс болса, одан әрі алып кетеміз.