Маңғыстау өңіріндегі жол апаты кезінде Теңге кентіндегі теміржол өткелінде кезекшінің ішімдік ішкені анықталды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық ІІД бастығының орынбасары мәлімдеді. Осы оқиағаға орай прокурорлар апатқа дейінгі тергеу жүргізуді бастаған. Астанадан Ақтауға шұғыл түрде балалар хирургы мен травматолог дәрігер жетті. Олар апаттан соң қос аяғынан айрылған 10 жасар баланың жағдайын бақылауға алады.
Диана Сапарқызы, тілші:
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына қатысты алдын-ала тергеу басталды. Белгілі болғандай, 15 жолаушыға есептелген көлік Жаңаөзен қаласынан Теңге кентіне бағыт алған. Жол жөнекей тоқтап, 15 студентті отырғызған. Сөйтіп жолаушылар саны 36 адамға жетеді. Тергеу барысында жолаушылар көлігінің теміржолда қалай жүретіні анықталды. 14 жылдық тәжірибесі бар 50 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
Алдирза Қуанышкереев, Маңғыстау облысы ІІД басшысының орынбасары:
Локомотив пен газель машинасының қатысуымен соның салдарынан 9 адам сол жерде қайтыс болды. 27 адам медучереждениеге жатқызылды. Әртүрлі жарақаттармен. Осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеудеміз.
"Қазақстан темір жол" компаниясының өкілдері хабарлағандай, көлік машинисі нұсқаулыққа сай әрекет еткен. Жолда газельді көріп, жедел түрде тежеуішті басқан.
Ерлан Бурхутов, "ҚТЖ жүк тасымалы" АҚ Маңғыстау бөлімшесі директорының орынбасары:
Жүргізуші сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жүрген. 100 метр қашықтықтан көлікті көріп, шұғыл тежегішті қолданған. Сараптама қорытындысы машинисттің толықтай нұсқауға сай әрекет еткенін анықтап берді.
Зардап шеккен 27 адамның алтауы жан сақтау бөлімінде жатыр. Ақ халаттылар олардың жағдайын тұрақты деп отыр. Жуырда Астанадан Ақтауға балалар хирургі және травматолог келді. Олар апаттан кейін екі аяғы кесілген 10 жасар қызды бақылауда ұстайды. Қайғылы оқиға болған күні арнайы дәрігерлер штабы құрылған. Мамандар дәрі-дәрмек пен қан тапшылығы жоқ деп отыр.
Клара
Оралбаева, МО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Оларға дер кезінде көмек көрсетілді. 9
реанимацияға, 18 адам травматологияға түсті. 9 адамның бүгінгі таңда үшеуі
облыстық орталыққа тасымалданды. 2 бала облыстық балалар ауруханасына, біреуі
облыстық аурухана, нейрохирургия бөліміне.
Диана Сапарқызы, тілші:
Бүгін
облыс әкімі жәбірленушілердің отбасыларына 20 млн теңге бөлу туралы бұйрық
берді. Қаза болған 9 адамның
отбасыларына материалдық көмек ретінде 1 млн теңгедан, ал зардап шеккендерге
300 және 500 мың теңге бөлінетін болады. Көлік апатынан қаза тапқандар ертең
жер қойнына тапсырылады.