$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша партиялық тыңдау өтті

AstanaTV
27.11.2017ж. 20:00
2881
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша партиялық тыңдау өтті

Ауылда құрылған өндірістік копперативтердің транспорттық шығындарын субсидиялау қажет. Фермерлер одағының Қостанай облысындағы өкілі осындай ұсыныс жасады. «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалында «Агроөнеркәсіп кешенін» дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша партиялық тыңдау өтті.

Онда ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Жыл басынан бері Тобыл өңірінде 27 ауыл шаруашылық өндірістік копперативі құрылған. Олардың он сегізі ет, тоғызы сүт бағытында жұмыс істейді. Сүт қабылдайтын 6 модульдік бекет салынып, 13 мал соятын орын ашылған. Жобалар «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-21 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асып отыр. Салада өзекті мәселелер де жоқ емес. 

Владимир Дранчук, Қазақстан Фермерлер одағы ҚОФ төрағасы:

Мәселен, бір күнде 3 тонна сүт қабылданды делік. Оның әр литріне 10 теңге субсидия бөлінеді. 30 мың теңге. Ал өнімді қалаға жеткізу үшін 50 мың теңге керек. Сондықтан транспорттық шығынды субсидиялау маңызды. Осылай етсе ғана, жағдай түзеліп, қалаға жақын жердегі фермерлер мен шалғайдағы шаруалар теңдей пайда көретін болады.

Заңғар САНАЙ