Негізгі / Жаңалықтар / «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы әзірбайжан тілінде жарық көрді

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы әзірбайжан тілінде жарық көрді

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян». Бұл кітапты енді әзірбайжандық оқырман қауым да өз ана тілінде оқи алады. Айта кетейік, Махмұт Қасымбековтың бұл туындысы осыған дейін  әлемнің бірқатар тілдеріне аударылған еді. Ал жуырда кітап әзірбайжан тіліне толық тәржімәланды.

Бүгін кітаптың тұсаукесеріне бауырлас ел президентінің көмекшісі Әли Гасанов қатысты. Аталған кітаптың маңызына тоқталды. Кітапта Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен қызметі, қарапайым ауыл баласынан ұлт көшбасшысына дейінгі жолы егжей-тегжейлі жазылған.

Жаваншир Фейзиев, Әзірбайжан Республикасы парламентінің мүшесі:

Әзірбайжандық оқырман үшін бұл тосын сый болды деп ойлаймыз. Өз өмірінде көпке үлгі болатындай даңғыл жол қалыптастырған адамның өмір жолы кім үшін де қызықты. Ол отанына, халқына қызмет көрсетудің бірегей жолын қалыптастырған адам.

Махмұт Қасымбеков, ҚР Президенті Кеңсесінің жетекшісі, кітап авторы және жоба жетекшісі: 

Бұл кітап алғаш рет қазақша және орысша жарық көрген болатын. Содан бергі қызқа мерзімде ағылшын, неміс, араб, корей, қытай, венгр, серб тілдерінде жарық көрді. Енді оның туыстас әзірбайжан тілінде жарық көруі, сол елдің халқының игілігіне айналғанына біз өте қуаныштымыз.