Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отанның» халық көп шоғырланған жерлерде қоғамдық қабылдау орталықтарын ашу жобасы жемісін берді

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
2734
«Нұр Отанның» халық көп шоғырланған жерлерде қоғамдық қабылдау орталықтарын ашу жобасы жемісін берді

«Нұр Отан» партиясының халық көп шоғырланған жерлерде қоғамдық қабылдау орталықтарын ашу жобасы жемісін берді. Мәселен, былтыр Алматы қаласының Әуезов ауданында  57 орталық ашылды. Содан бері күнделікті түсетін арыз-шағым азайған. Яғни халық өтінішті жақын маңдағы қабылдау орталықтарына жазуды әдетке айналдырған.

Биылғы он айда 700-ге жуық арыз түскен. Оның 200-ден астамы оң шешілді. Соның бірі жоғарғы оқу орындарына қатысты. Оқу жылының басында «Жастар орталығына» келген жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер төлемақы мөлшерін жеңілдетуді сұраған. Нәтижесінде 6 адам қолдауға ие болды.

Алтын Жүсіпова, студент:

Оқу тарапынан маған 15 пайыздық жеңілдік беріледі. Ол мен үшін үлкен көмек. Мен үшін, ата-анам үшін үлкен көмек.

Мұрат Омаров, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Көптеген арыздар ауданға келіп түсетін сол мекемелерде шешіліп, келген адамдар уақыттарын үнемдеп және де бізге жазылатын арыз-шағымдар азайды. Бұл да жастарымыздың мамандық таңдауындағы, қандай құжаттар керек, қалай жатақханамен қамтамасыз ету керек деген мәселелерге өте жақсы көрсеткішін берді.