Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Жас Отан» жастар қанатының төңірегінде көлемді жаңғыру жүргізіледі

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
2012
«Жас Отан» жастар қанатының төңірегінде көлемді жаңғыру жүргізіледі

Нұротандықтар Мемлекет басшысының тапсырмасына сай партия, сондай-ақ партияның жастар қанатының төңірегінде көлемді жаңғыру жүргізеді. Жаңғырудың жаңашылдықтарын «Жас Отан» жастар қанатының келесі жылы өтетін кезекті съезінде көруге болады.

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қызметкерлерді жұмыстың жаңа бағыттарымен таныстырды. Мұхтар Құл-Мұхаммед жасотандықтарды жастар аудиториясына, әсіресе ғаламтор және әлеуметтік желіде жақын болуға шақырды. Партияның жастар қанаты Президент қойған тапсырманы абыроймен атқарып, қазақстандық жастардың өзегіне және елдегі прогрессивті жастар ұйымының интеграторына айналуы қажет.